00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада жөндеу жұмысына байланысты екі көше уақытша жабылды

23.05.2023 | 18:00
37

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы екі көше – Бейбітшілік және Қараменде би Шақаұлы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады Elorda.info.

Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.

Жол төсемін орташа жөндеу Абай даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі Бейбітшілік көшесінде жүргізіледі. Осыған байланысты учаскеде осы жылдың 23 мамырынан 1 маусымына дейін автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.

Осыған ұқсас жұмыс С.Бейбарыс көшесінен Ақан сері көшесіне дейін Қараменде би Шақаұлы көшесінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты 23 мамырдан 5 маусымына дейін осы учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар