00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордадағы Қазақ радиосы көшесінде балалар мерекесі өтеді

29.05.2023 | 13:00
55
фото: turkystan.kz

«Қазақ радиолары» ЖШС Астана қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасы және Есіл ауданының әкімдігінің қолдауымен 1 маусым күні сағат 12.00-де «Қазақ радиосы көшесінде балалар мерекесі» атты концерттік шара өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Балалар мерекесіне орай өтетін концертте Астана қаласы Әкімдігінің №2 Өнер мектебінің жас өнерпаздары мен радио қызметкерлері өнер көрсетіп, қазақ ертегілерінің кейіпкерлері балаларға қуаныш сыйлайды. 

Қазақстанадағы радио редакциясының іргесіндегі Қазақ радиосы көшесінде өтетін шараға Қазмедиа орталығы ғимаратында жұмыс істейтін БАҚ қызметкерлерінің балалары мен елордалықтар, Есіл ауданының тұрғындары және қала қонақтары қатысады. 

«Қазақ радиосы көшесінде балалар мерекесі» концертін ұйымдастырудағы басты мақсаты -  қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрамды ұжым болып атап өту және болашағымыз балаларға қуаныш сыйлап, қоғамда бұл датаның маңызын арттыру. 

Балалар мерекесін атап өту тарихы 1954 жылдан басталады. Осы жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы «Дүниежүзілік балалар күнін» барлық елде атап өту туралы бастама көтерді. Кейін 1959 жылы 20 қарашада Балалар құқығы декларациясы, ал 1989 жылы Балалар құқығы конвенциясы қабылданды.

Айта кету керек, Астана төріндегі Қазақ радиосы көшесі радионың ғасырлық тойы қарсаңында ашылды. «Қазақ радиосы көшесі» журналистиканың жаңа ғасырдағы қара шаңырағы — Қазмедиа орталығы ғимаратының тап іргесінде орналасқан, ұзындығы 560 метр. Дәл осындай көше Қызылорда ен Шымкент қаласында да бар. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар