00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордадағы № 2 өнер мектебі есеп беру концертін өткізді

16.04.2023 | 12:30
43
Фото: Астана қалалық Білім басқармасы

14 сәуірде Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында № 2 өнер мектебінің «Жаңа қадам-жаңа ұрпақ» атты жылдық есеп беру концерті өтті, деп хабарлады Elorda.info

№ 2 өнер мектебі 2022-2023 оқу жылында түрлі байқаулар мен фестивальдарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген оқушылар мен түлектердің өнерін көрермен назарына ұсынды.   

Атап айтсақ, «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының финалисі Елікай Сәменбек, "Junior Eurovision"  байқауының Қазақстан ұлттық іріктеуінің және «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының финалисі Әйкерім Тілеубек, Ресейде өткен «Балалар жаңа толқыны» халықаралық ән байқауының лауреаты Айғаным Амантай әннен шашу шашса,  домбырашылар мен бишілер өз өнерлерін көрсетті.   

Балалармен бірге эстрада әншілері Жанар Дұғалова, Майра Ілиясова, Маржан Арапбаева, Мақпал Жұмабай ән шырқады. Жұлдыздар өз қолдауларын көрсетіп, мектептің талантты оқушыларымен бір сахнада өнер көрсетті. 

Барлық жаңалықтар