00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада вандализм бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

15.11.2023 | 03:00
140
Фото: дереккөз

Байқоңыр ауданының №10 мектеп-гимназиясында вандализм және қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты күшейту бойынша мектеп оқушыларымен кездесу өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесуге «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің директоры, ҚР Журналистер одағының мүшесі, тарихшы, этнолог Тұрар Саттарқызы, Байқоңыр ауданы әкімінің кеңестшісі Дәурен Ыдырыс және аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері қатысты. 

Іс-шара барысында мектеп оқушыларына вандализм оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

15 4a32f66c-3335-4cfb-8954-648fead1a5c2.jpg

Сіздерді қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала мүлкіне ұқыпты болуға шақырамыз.

Кез келген құқық бұзушылық анықталып, соңы жауапкершілікке әкелетінін ұмытпаңыздар! Ішкі тәртіп, заңға және басқа адамдардың құқықтарына құрметпен қарау – бұл қоғам ұмтылуға тиіс нормалар, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар