00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада тағы бір спорт орталығы бой көтереді

20.09.2023 | 15:45
49
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек «Қазақстан» спорт кешенінің құрылысымен танысты, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада спорт мекемелеріне деген қажеттілік бар.

Алматы ауданының Қажымұқан көшесінде спорт орталығы («Қазақстан» СК жанында) салынып жатыр. Нысанның жалпы ауданы – 10 мың шаршы метрден астам. Жоспар бойынша онда футбол, баскетбол, волейбол залдары, IT үйірмелері – lego және киберспорт, қыш шеберлігі мектебі, шахмат, күрес, бокс залдары және т.б. болады. Бұл спорт орталығы келесі жылы ашылады.

Қаланы аралау барысында «Қазақстан» спорт кешеніне бардым. Елорда тұрғындары мен қонақтары бұл орынға бір емес, бірнеше рет барып, бос уақытын өткізді деп ойлаймын. Нысан Алматы ауданының тартымды орындарының бірі саналады. Спорт кешені апатты жағдайда болған соң екі жыл бұрын нысанды жаңғырту жұмысы басталған.
Өкінішке қарай, инвестор құрылыс жұмысын толық жүргізе алмады. Жұмыс бір орында тоқтап тұрды. Дегенмен бір кездері танымал болған нысанның осындай күйде тұруына біз жол бермейміз. Сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін қарастырып жатырмыз. 
Сонымен қатар, қалада бұқаралық спортты дамыту үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салып жатырмыз, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері мен федерацияларды қолдаймыз, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) және т.б. абаттандырамыз, - деп жазды елорда әкімі.

380021488_2425994887573194_5700871347221528039_n.jpg

Барлық жаңалықтар