00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада тағы бір көше уақытша жабылады

14.07.2023 | 11:30
41

Астанада Керей, Жәнібек хандар көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады Elorda.info Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 15-19 шілде аралығында көшенің Қабанбай батыр даңғылынан бастап Сауран көшесіне дейінгі бөлігінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды. 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол құрылыс жұмыстарына түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз, - делінген басқарма хабарламасында.

Барлық жаңалықтар