00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада «Әскери керней» фестивалі өтті

04.06.2023 | 09:00
68
Фото: Ұлттық ұланының баспасөз қызметінен

Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда «Әскери керней» музыкалық фестивалі аясында әскери оркестрлердің плац-концерті өтті, деп хабарлады Elorda.info.

04-3.jpg

Дәстүрлі фестиваль осымен оныншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Биыл ол мемлекеттік рәміздер күніне және Астана күні мерекесінің 25 жылдығына арналды. 

04-4.jpg

Плац-концерттің мақсаты – елдің рухын көтеру, әскери музыканы насихаттау және өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу.

04-5.jpg

Мәдени іс-шараға ҚР Ұлттық ұланының оркестрлері, Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ансамблі, Қорғаныс министрлігінің Орталық оркестрі және Төтенше жағдайлар министрлігінің оркестрі, сондай-ақ еліміздің шығармашылық ұжымдары қатысты.

04-6.jpg

Плац-концерт барысында музыкалық ұжымдар әлемдік классика мен халық арасындағы рухты әндерді орындауда жоғары шеберлік көрсетті.

04-7.jpg

Сондай-ақ, фестиваль барысында Ұлттық ұланның әскери оркестрлері арасында байқау өтті. Оның қорытындысы бойынша Ұлттық ұлан Академиясының оркестрі (Петропавл қ.) үшінші орынды иеленді. Екінші орынды «Орталық» (Қарағанды қ.) және «Батыс» (Орал қ.) өңірлік қолбасшылықтарының жиынтық оркестрлері иеленді. Бірінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жиынтық оркестрі (Алматы қ.) иеленді. «Әскери керней» конкурсының Гран-приін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жиынтық оркестрі (Өскемен қ.) жеңіп алды.

04-8.jpg

Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы атынан және өз атымнан барлық әскери дирижерлер мен музыканттарға конкурсқа қатысқаны үшін  алғысымды білдіремін. Іс-шараны ұйымдастыруда көрсеткен қолдауы үшін Астана қаласының әкіміне ерекше алғыс айтамын. Соның нәтижесінде Қазақстанның үздік әскери оркестрлері елорданың мәдени алаңдарында өздерінің музыкалық шеберліктерін көрсетті. Барлық музыкалық ұжым мүшелеріне зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін. Жаңа биіктерге жете беріңіздер! Сондай-ақ еліміздің өркендеуі жолындағы әскери қызметтеріңізге зор табыс тілеймін, - деді Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов.

04-9.jpg

Бүгінде жыл сайын ұйымдастырылатын әскери оркестрлер фестивалі бас қаладағы маңызды мәдени іс-шаралардың біріне айналды. Сондықтан әркез Астана тұрғындары мен қонақтарына жарқын әсер қалдырып келеді. Бұл жолы да концерттік бағдарлама әскери, классикалық, халықтық және эстрадалық музыка, дефиле шеруі, плац-концерт және әскери қызметшілердің қару-жарақпен көрсетілімдерінің органикалық түрде үйлесімділігімен өтті.

04-10.jpg

Айта кетейік, Ұлттық ұланның бастамасымен әскери оркестрлер арасында фестиваль өткізу жақсы дәстүрге айналды.  Осы уақыт ішінде оған еліміздің ғана емес, Қытайдың, Ресейдің және басқа да шет мемлекеттердің жетекші ұжымдары қатысқан.

Барлық жаңалықтар