00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада мереке қарсаңында коммуналдық қызметкерлер марапатталды

15.12.2023 | 12:00
75
Фото: дереккөз

Салтанатты рәсімді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Сәрсенғали Ақжолов өткізді, деп хабарлады Elorda.info

Құттықтау сөзінде ол коммуналдық қызметкерлердің жұмысының маңыздылығын атап өтіп, қала игілігіне күнделікті атқарылып жатқан еңбек үшін алғысын білдірді. 

Марапатталғандардың арасында Elorda Eco systems ұйымының арнайы техникаларының жүргізушілері, апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарлары, тазарту қондырғыларының операторлары және инженерлері бар.

Мен әрқайсыңыздың еңбектеріңіздің маңызын білемін және түсінемін. Мүмкін, бұл қала тұрғындары үшін байқалмайтын шығар, бірақ дәл осындай нәтиже – тиімді және үйлесімді жұмыстың көрсеткіші. Кез келген апатты жағдайлар кезінде алдыңғы қатарда алдымен сіздер тұрасыздар. Сіздердің жылдар бойы жинаған кәсібиліктеріңіз бен тәжірибелеріңіз бізге әрдайым көмектесіп, тұрғындардың жайлылығына үлкен әсер етеді, - деп атап өтті Сәрсенғали Ақжолов.

d6a5f680-156c-40e5-8ae9-b2af6158c072.jpg

Барлық жаңалықтар