00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада Kaztraffic-2023 халықаралық көрмесі өтеді

31.10.2023 | 04:30
72
Фото: ашық дереккөз

Астанада 15-16 қараша күндері EXPO Халықаралық көрме орталығында жол саласындағы маңызды шара Kaztraffic көрмесі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған шара 19 жыл бойы үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Kaztraffic-2023 барысында саладағы үздік жетістіктер мен инновациялық әзірлемелер көпшілік назарына ұсынылады. Сондай-ақ жаңа өнімдердің, атап айтқанда жол-құрылыс техникасының, жаңа материалдар мен жабдықтардың тұсаукесері өтеді.

​Көрменің экспозициялық аренасында Қазақстан, Ресей Федерациясы, Беларусь, Украина, Германия, Франция, АҚШ кәсіпорындары жол құрылысы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау саласындағы үздік әзірлемелерін ұсынады. Павильондарда ғылыми-техникалық бағыт, IT-индустрия, авиация, аграрлық сектор, өнеркәсіптік өндірістің барлық түрі, өндіруші кешен, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тақырыптары қамтылады. Көрме аясында бос орындар жәрмеңкесі де ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

Көрменің ашылу салтанаты 15 қараша сағат 10:00-де өтеді.

Барлық жаңалықтар