00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада көшелерді тазартуға 700-ге жуық жол жұмысшысы жұмылдырды

29.12.2023 | 04:30
63
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін Астанада жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауды. Көшелерді тазарту үшін коммуналдық қызметтер 1000-нан астам арнайы техника мен 700-ге жуық жол жұмысшысы жұмылдырды, деп хабарлады Elorda.info.

Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдар және т.б. қардан тазартылады.

Қыс мезгілі басталған уақыттан бері 800 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Қазгидрометтің мәліметінше, елордада жауын-шашынмен қар жауады, желдің екпіні 20 м/с-тан асады.

Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Барлық жаңалықтар