00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада көпқабатты үйлерде өртке қарсы оқу-жаттығу өтеді

01.09.2023 | 12:30
56
Фото: ашық дереккөз

2 қыркүйекте Астанада Иманов көшесі 41, «Жар-Жар» ТК көпқабатты үй тұрғындарының қатысуымен өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту. Өйткені төтенше жағдайлар кезінде тұрғындардың дұрыс іс-әрекеттері адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алуда үлкен маңызға ие.

Өрт сөндіруші-құтқарушылар адамдарды құтқаруға және эвакуациялауға арналған құралдарды пайдалана отырып, көпқабатты үйлердегі өрттерді сөндіру тактикасын әзірлейді, - деп жазылған Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында

Оқу-жаттығудың басталуы сағат 12:00-де.

Барлық жаңалықтар