00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада екі көше және көпірдің бір бөлігі жабылады

11.07.2023 | 09:00
50

Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мәңгілік ел даңғылының, Арай көшесінің және «Тұлпар» көпірінің бір бөлігінде орташа жөндеу жүргізіледі деп хабарлады Elorda.info.

Жөндеу жұмысына байланысты 11-17 шілде аралығында Ә.Кекілбаев көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскеде Мәңгілік ел даңғылы бойынша қозғалыс жабылады.

Сондай-ақ 12 шілдеден 3 тамызға дейін «Тұлпар» көпірінде көлік қозғалысы ішінара жабылады, - делінген хабарламада.

Жөндеу жұмысына байланысты 11-20 шілде аралығында Жауқазын көшесінен бастап Космонавтар көшесіне дейінгі аралықтағы Арай көшесінің учаскесі жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Барлық жаңалықтар