00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада екі көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды

15.06.2023 | 13:00
63

Астанада екі көшеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тұран даңғылы бойынша Қорғалжын тасжолынан бастап «Тұлпар» көпіріне дейінгі учаскеде 15-25 маусым аралығында және Бөгенбай батыр даңғылынан бастап Абай даңғылына дейінгі учаскеде 15-22 маусым аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі.

Осыған байланысты жоғарыда аталған учаскелерде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар