00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада екі даңғыл мен тасжолда көлік қозғалысы шектеледі

25.05.2023 | 13:30
46

Қорғалжын тасжолында және Р. Қошқарбаев пен әл-Фараби даңғылдарының қиылысында жол жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Қорғалжын тасжолында Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейін орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде. Осыған байланысты 25-31 мамыр аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылды.

Р.Қошқарбаев және әл-Фараби даңғылдарының қиылысындағы көлік айрығынан оң жақ съездерге орташа жөндеу жүргізілуде. Мұнда көлік қозғалысы 25-27 мамыр аралығында толығымен жабылады.

Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар