00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада діни бірлестіктер туралы әдебиеттер таныстырылды

19.07.2023 | 07:00
48
фото: Сұлтан Сейіт

 Елордада ресми қызмет ететін діни бірлестіктердің шығу тарихы мен олардың қызметі мен діни ғибадат ғимараттары жайында жазылған «Елорданың діни нысандары» атты энциклопедиясы таныстырылды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Шара Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкеннің төрағалығымен Дін істері басқармасының дайындаған кітаптарын тамашалауға елордалық діни бірлестіктердің басшылары, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдері мен мемлекеттік органдардың қызметшілері келді.

Ашылу салтанатына Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов қатысып, туындының елорда тұрғындары мен қонақтарына дін туралы таптырмас нұсқаулық болатынын атап өтті. 

WhatsApp Image 2023-07-19 at 11.24.32.jpeg

Бүгін сіздермен елорданың төрінде «Елордамыздың діни нысандары» атты керемет бір еңбектің тұсаукесеріне жиналып отырмыз. Дін – халқымыздың әлеуметтік және рухани өмірінің бір бөлігі. Қазақ халқында салт-дүстүрі мен ғұрпы дінмен ұштастырылған. Салиқалы өмір сүру, дұрыс ұрпақ тәрбиелеу, келер ұрпаққа дұрыс тәрбие беру, құрметтеу, ізет көрсету қасиеттерін қалыптастыру дін мен дәстүріміздің ерекшелігі деп айтуға болады. Бұл еңбек елордалықтарға, қала қонақтарына және дін саласының зерттеушілеріне нұсқаулық болады деп ойлаймы»,- деді мәслихат төрағасы. 

Жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары Есет Бәйкен діни бірлестіктердің тарихы мен культтік тәжірибесі туралы жазылған туындыны Астананың ширек ғасырдағы жетістігі  деген пікір айтты.

WhatsApp Image 2023-07-19 at 11.24.34.jpeg

Бүгінгі шара Астананың 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Дін істері басқармасымен ақылдаса келе, дін саласындағы жетістіктерді көрсету мақсатында энциклопедия жасауды ұйғардық. Ширек ғасырда біз үшін елордада атқарылған шаралар жетістік деп білемін. Үш жылда бір өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі елордамызды әлемдік және рухани диалог орталығына айналдырды. Елордадағы 14 діні конфессия мен 57 діни бірлестіктің еңбегінің арқасында 25 жылда  елордадағы дін саласы өзіндік дара жолын қалыптастырды. Осы жетістіктер туралы жарыққа шыққан кітаптарда көрсетуге тырыстық,- деді қала әкімінің орынбасары. 

WhatsApp Image 2023-07-19 at 11.24.33.jpeg

Жаңа жинақ 16 тарауға бөлінген. Әр бөлімінде елордамыздағы конфессиялар туралы жекелеген  толық ақпарат берілген.  Сондай-ақ, діни бірлестіктердің шығу тарихы мен бүгінгі атқарып жатқан жұмыстары туралы жазылған.  Сонымен қатар түрлі діни орындардың сәулетті ғимараттарының фотолары енген.

WhatsApp Image 2023-07-19 at 11.24.37.jpeg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, энциклопедияның жасалу тарихы 2016 жылы басталды. Бастапқыда елордадағы діни бірлестіктер туралы қысқаша ақпарат беретін брошюра жасалды. Кейін белгілі қазақстандық ғалым, философия ғылымдарының кандидаты Яков Федорович Трофимовтің бастамасымен кітап жазу ісі қолға алынған. 

Жиын барысында қалалық Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Әлмұханов жиналған қауымға кітап туралы қысқаша айтып берді. 

WhatsApp Image 2023-07-19 at 11.24.34 (1).jpeg

Қазіргі таңда, елімізде сәулеті мен сәні келіскен діни нысандар жетерлік. Бұл кітапшалардың негізгі қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына Астана қаласында қызмет ететін әр діни бірлестіктер жайлы қысқаша жинақталған ақпараттарды ұсыну болатын. Өкінішке орай, өткен жылдың соңында Яков Федорович кенеттен қайтыс болды. Бүгінгі таныстырылым жиынына автордың жұбайы Нұрия Кемелтаева қатысып отыр. Нұрия ханым, біз сізге қайғыра көңіл айта отырып әкім орынбасары атынан гүл шоқтарын табыстауға рұқсат етіңіз. Яков Федоровичтің құрметіне бір минут үнсіздік жариялансын,- деді басқарма басшысы. 

WhatsApp Image 2023-07-19 at 11.24.36.jpeg

Таныстырылымға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов қатысып,  елордадағы іргелі оқу орнына жаңа мамандық енгізілгені туралы жаңалығымен бөлісті.

Бүгін өтіп жатқан кітаптардың тұсаукесері құтты болсын. Дін саласындағы ғылыми еңбектерді шығарып, еліміздегі діни палитраны көрсеткені үшін қала әкімдігіне алғыс білдіремін. Қазір министрлік пен комитет тарапынан конфессияаралық келісімге аса назар аударылып келеді. Осы орайда бір жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Биылғы оқу жылынан бастап Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де комитет бастамасымен «Дінтанушы-психолог» атты жаңа мамандық енгізіліп отыр. «Жусан»  операциясы бізге осындай мамандық қажет екенің көрсетті. Одан бөлек еліміз бойынша осы салаға қосымша гранттар бөлінеді. Біздің еліміз үшін конфессияаралық келісім өте маңызды. Оған бүгін таныстырылып жатқан туындылар жақсы ықпал етеді деп ойлаймын,- деді комитет төрағасы Ержан Нукежанов. 

WhatsApp Image 2023-07-19 at 11.24.38.jpeg

Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев барша қауымды құттықтап, өз тілегін айтты.

Бүгінгі басқосуымыз қайырлы әрі берекелі болсын.  Бұл кітаптар халқымызға пайдалы болсын. Біздің басқарманың атқарып жатқан 5 бағытының бірі, осы – білім іздеу, теріс ағымдағы адамдармен жұмыс істеу және халықты теріс ұғымнан алыстату бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Осы бастамада барлығымыздың атқарып жатқан жұмысымыз берекелі болсын,- деді Кенжеәлі Мырзабаев. 

WhatsApp Image 2023-07-19 at 11.24.39.jpeg

Сонымен қатар, Астана қаласы әулие Мария Архиепархиясының архиепископ-митрополиті Пэта Томаш көпшілік назарына ұсынылған кітаптар туралы пікір білдірді. 

Осы энциклопедиясы жасауда еңбек еткен барлық адамдарға алғысымды білдіремін. Бұл үлкен еңбек және оқырмандар үшін пайдалы деп айта аламын. Авторлар кітапта Қазақстан Республикасындағы күрделі поликонфессиялық жағдайды жақсы түсіндіре білді деп ойлаймыз. Әрі бұл әдебиет атқарушы органдар мен жергілікті діни қауымдастықтардың толерантты қарым-қатынасын жетілдіруге ықпал етеді деп үміттенеміз,- деді Пэта Томаш. 

WhatsApp Image 2023-07-19 at 11.24.39 (1).jpeg

Жиын соңында шараға қатысушылар  жаңа кітаптармен танысып, қалалық Дін істері жөніндегі басқарма ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалады. 

WhatsApp Image 2023-07-19 at 11.24.39 (2).jpeg

Барлық жаңалықтар