00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада бос жұмыс орындарын Telegram-бот арқылы табуға арқылы болады

21.09.2023 | 02:30
55

Астана тұрғындарына ыңғайлы болу үшін «JUMYS TAP» Telegram-боты (@jumystap_bot) іске қосылды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Боттың тегін мүмкіндіктері бос жұмыс орнын немесе қызметкерлерді табуға көмектеседі. Тіркелу бар болғаны 1 минутты алады.

Жұмыс іздейтіндер үшін:

Бос жұмыс орнын іздеудің ыңғайлы мүмкіндігі;

Жаңа жұмыс орындары туралы автоматты хабарламалар.

Қызметкер іздейтіндер үшін:

Бос жұмыс орындары жайлы хабарламаларды орналастыру;

Түйіндемеден жауаптарды және байланыстарды делдалдарсыз алу;

Толық күндік жұмысқа, тапсырма бойынша жұмысқа және тағылымдамалар үшін қызметкерлерді іздеу.

Бот жұмысы бойынша толық мәліметті call-орталыққа хабарласып алуға болады: +7 (707) 221 31-31. Жұмыс уақыты: дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін.

Барлық жаңалықтар