00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада бірнеше көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды

01.07.2023 | 11:00
34

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Ш.Уәлиханов пен Кенесары көшелерінің, сондай-ақ Мәңгілік ел даңғылы және Хусейн Бен Талал көшесінің қиылысында орташа жөндеу жұмысын бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты бүгін сағат 21:00-ден 2 шілде сағат 09:00-ге дейін Ш.Уәлиханов пен Кенесары көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Бұдан бөлек 30 маусым мен 2 шілде аралығында Мәңгілік ел даңғылы мен Хусейн Бен Талал көшелерінің қиылысында автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.

Сондай-ақ, орташа жөндеу Тұран даңғылымен Бұқар жырау даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі жергілікті өткелден басталды. Осыған байланысты 1-3 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар