00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада бірнеше көше уақытша жабылады

09.05.2023 | 10:00
41

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік ел даңғылы мен Толағай көшесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты бұл учаскелерде қозғалыс уақытша тоқтатылады, деп хабарлады Elorda.info.

Жөндеу жүргізілуіне байланысты 10 мамырдан 4 маусымға дейін Триумф аркасынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскеде Мәңгілік ел даңғылы көлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.

Бұдан басқа, осы жылдың 8-12 мамыр аралығында Толағай көшесінің Қараөткел көшесінен Оңдасынов көшесіне дейінгі учаскесінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар