00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада бір түнде 55 мың текше метрден астам қар шығарылды

05.02.2024 | 04:43
71
Фото: дереккөз

5 ақпанда елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 1,6 мың арнайы техника мен 2,5 мыңға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Өткен түнде қаладан 3,7 мың рейспен 55 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс басталғалы бері елордадан полигондарға барлығы 3,7 млн текше метр қар шығарылды, бұл 273,5 мың ауыр жүк көлеміне тең.

Естеріңізге салсақ, елордада бірнеше қар полигондары орналасқан. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған. Мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған. Қар шығару жұмыстары тәулік бойы, күндізгі және түнгі ауысымда жүргізіледі.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 5-6 ақпанда Астанада бұлтты. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 1-3 градус нөлден төмен.

Барлық жаңалықтар