00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада бір күнде 45 мың текше метрден астам қар шығарылды

09.01.2024 | 05:30
54
фото: gov.kz

Қардың мол жаууына байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, қала көшелерінің қарын тазартып жатыр, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Түнгі ауысымда 1500-ден астам арнайы техника мен 400-ге жуық жол жұмысшысы көшелердің қарын күреуге шықты.

Тротуарларды, қоғамдық орындарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

8 қаңтар күні Астанада 45 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 3410 жүк рейсін құрайды.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордада 1 508 000 текше метрден астам қар шығарылды, бұл шамамен 110 мың ауыр жүк рейсін құрайды.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 9 қаңтарда жауын-шашынсыз көшпелі бұлт күтіледі. Түнде оңтүстік-шығысқа көшетін жел 9-14, күндіз 5-10 м/с, ауа температурасы түнде – 21-23, күндіз – 19-21 аяз.

Жаяу жүргіншілер тротуарлармен жүрген кезде сақ болуы, белгіленген орындар арқылы ғана көшелерден өтуі қажет, сол сияқты қарттар мен балаларға көмек көрсеткені жөн.

Барлық жаңалықтар