00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада балалар шығармашылық студиясының есептік концерті өтті

10.04.2023 | 15:00
63
Фото: дереккөз

Астана қаласының Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының ұйымдастыруымен балалар шығармашылық студиясының есептік концерті өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Былтыр Балалар жылы аясында Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қарулы күштер мен басқа да күштік ведомстволарда қызмет атқаратын ата-аналардың балаларына арналған шығармашылық студия құруды тапсырған болатын. Осылайша хореография, актерлік шеберлік, вокал және домбыра сынды төрт бағытта тегін оқыту ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басшылары, жас дарындардың ата-аналары қатысты.

Есептік концерт – балалар студиясындағы тәрбиеленушілер мен олардың тәлімгерлерінің, Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің педагогтары мен солистерінің шабытты еңбегінің нәтижесі, – деп атап өтті Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Асенов.

Жас таланттар көрермендерге әсем әндері мен музыкалық туындыларын тарту етті. Концертте қазақ композиторларының белгілі шығармалары, халық күйлері орындалды, фольклорлық және заманауи хореографиялық қойылымдар көрсетілді.

"Біз жастарға сенеміз" деген атпен өткен ауқымды шара, расында, болашақ ұрпаққа деген сенімге толы болды. Көрермендерге орасан зор көңіл-күй сыйлаған жас әртістер елорданың үлкен сахнасында тұңғыш рет өнер көрсетіп, алғашқы тәжірибелерін жинады.

Барлық жаңалықтар