00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада балаларға арналған шеберлік сабағы өтілді

18.11.2023 | 08:00
51
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Сәния Өмірсерікқызы «Күздің сыйлықтары» атты балаларға арналған тегін шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.  

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметшілерден құралған «Еріктілер кеңесі» Консультативтік-кеңесші органның мүшесі, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының бас маманы Сәния Омарова өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, мемлекеттің дамуына өз үлесін қосуда.

d1698c1c-8c96-44f4-88b5-8c0f9dd094a1.jpg

Ол бос уақытында Орталықтандырылған кітапханада балаларға арналған шығармашылық, шеберлік сабақтарын өтіп, оларға өз білгенін үйретуден аянбайды. 

132c3cdc-77ce-4258-9b93-24fc0c9b2b26.jpg

Себебі біздің болашағымыз өскелең ұрпақтың қолында екенін жадында мәңгі сақтап, олардың болашағы үшін әркез алаңдайды.

Шеберлік сабаққа қатысқан балалардың айтуынша, Сәния Өмірсерікқызы жиі осы жерде шығармашылық сабақтарын өтіп, балаларға түрлі бұйымдарды жасауды үйретіп, олардың уақытын тиімді әрі қызықты өтуіне көмектеседі.

0c5c3856-e290-4b33-8a61-3add185d3e7d.jpg

Айта кетейік, қоғамда болып жатқан жайттарға бей-жай қарамай, мүмкіндігінше қоғамның дамуына өз үлесін қосуға тырысып жүрген Сәния Омарова 2018 жылдан бастап, «Астана еріктілері Lider.kz» жоғалған адамдарды іздеу қоғамдық бірлестігінің волонтері қызметін атқарып келеді. 

Барлық жаңалықтар