00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада балаларға арналған кітаптардың таныстырылымы өтті

06.12.2023 | 12:26
50

Президент балалардың бойына ұлттық құндылықты сіңіруді олардың кітапқа деген қызығушылығын оятудан бастау қажеттігін айтқан болатын. Осы мақсатта «Балалар кітапханасы» жобасын қолға алуды тапсырғаны белгілі. Аталған жоба аясында жарық көрген алғашқы 10 кітап жас оқырмандарға жол тартты. ҚР Ұлттық академиялық  кітапхасында жаңа кітаптардың таныстырылымы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Арман ПВ» баспасынан шыққан жаңа көркем әдебиеттер 10 мың тиражбен жарық көрген. Жоба жетекшісінің айтуынша, осындай 100 кітап шығару алдағы күннің еншісінде.

“Әліппенің” авторы, өзі де көркем әдебиетте қалам тербеп жүрген ғалым-профессор Бижан Игенбаева балаларға арналған сапалы көркем шығарма жетіспеушілігі орнын толықтыру мәселесін көптен зерделеп жүр.

кит.jpg

Көпжылдық тәжірибемнің қорытындысы ретінде жоба аясында 10 кітапқа таңдамалы шығармаларды топтастырдым. Оның ішіне баланың тілін дамытатын, қызығушылығын арттыратын, түсінуге оңай қарапайым сөйлеммен құрылған туындыларды таңдап алдым. Мысалы, онда Ахмет Байтұрсыновтың “Оқуға шақыру” өлеңі бар. Дегенмен өлеңнің мағынасы терең, оқуға күрделі болғандықтан, одан сюжетті сурет жасадық. Бала осы суреттерге қарай отыра өлеңнің мағынасын оңай түсінетін болады. Сол сияқты кітаптарға балалар әдебиетіне еңбегі сіңген Сұлтан Қалиевтің өлең шумақтары, Жәдиш Шәкенұлы, Мира Сенбайқызы, Гүлбақыт Хасенқызы, Адина Жүсіптің шығармалары енді. Суретке айналған шығармалар 3-10 жас аралығындағы балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, қиялына қанат бітіреді деген сенімдеміз, - деді жоба жетекшісі Бижан Игенбаева.

677f281c-2a9c-435f-b8d8-440ea6420592.jpeg

Жоба жетекшісінің айтуынша, осы мақсатта балалар жазушыларымен тығыз байланыс орнатылып, ортақ мақсаттағы жұмыс жалғаса бермек. Әрі бұл кітаптар желісімен мультфильм түсіру де жоспарда бар.

Жаңа кітаптардың таныстырылымына арналған іс-шараға ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары,  Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері, Астана қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары мен білім саласының қызметкерлері, «Аманат» партиясының өкілдері, балалар ақын-жазушылары қатысып, ақжарма пікірлерін айтты. Сондай-ақ көпшілікке танымал, дарынды балалар да кітаптардың таныстырылымына атсалысты.  Тұсаукесерді еліміздің облыстарынан да кітапхана және білім ошақтарының өкілдері онлайн арқылы тамашалады.

WhatsApp Image 2023-12-06 at 18.58.09.jpeg

Жаңа кітаптардың лентасын «Балапан» арнасының тележүргізушісі Абзалбек Жанкерім, кітаптың аудиосын дыбыстағандар Балнұр Ғалым мен Нұрислам Әбубәкіровтер кесті.

Салтанат Мұрат

Барлық жаңалықтар