00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада қар тазалауға 2500-ден астам жұмысшы жұмылдырылды

15.01.2024 | 04:00
82
фото: gov.kz

Елордада соңғы бірнеше күнде толассыз қар жауды. Қалың қар жауған жағдайда қаланың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. 15 қаңтар күні таңертең қар тазалау жұмысына 2 500-ден астам жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаланы қар мен мұздан тазарту бойынша күндізгі ауысымға 2 526 жұмысшы және 1 600-ден астам арнайы техника шықты.

15 қаңтарға қараған түні коммуналдық қызметтер Астанадан 30 мың текше метрге жуық қар шығарды, бұл 2 169 ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына барлығы 154 134 рейс, яғни 2,1 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Айта кетейік, Астанада бірнеше қар полигоны жұмыс істейді. Олардың барлығы арнайы жүк көліктерінің нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылаумен және жарықтандырумен жабдықталған.

Барлық жаңалықтар