00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

12.04.2023 | 16:00
49
Фото: дереккөз

12 сәуір – еліміздегі ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесі мен Ұлттық ғылым академиясының негізін салушы Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орай Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев көрнекті ғалымның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, сала ардагерлері мен қызметкерлерге ақжарма тілегін жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Ведомство басшысы Қаныш Имантайұлының ұлттық ғылымды құрудағы сүбелі үлесін, сондай-ақ озық ойлы азаматтардың жаңа буынын қалыптасуына зор еңбек сіңіргенін ерекше атап өтті. Заңғар тұлғанын ғылымнан бөлек, тұтастай елге қызмет етудегі жүріп өткен жолы кейінге толқынға үлгі-өнегеге айналды.     

Біз Қаныш Имантайұлы және оның замандастырының Қазақстанның жер қойнауына жүргізген зерттеу жұмыстарына үлкен құрметпен қарап, айрықша бағалаймыз. Еліміздің жер қойнауы қазынаға толы. Демек әлі де жаңа кен орындарының ашылуы бізді күтіп тұрғаны сөзсіз. Бұл ретте ұлы ғалымның геология саласына сіңірген еңбегі орасан екенін айта кеткен орынды. Ол аталған ғылымның жарқын өкілі әрі ірі қайраткері ретінде есімізде ұзаққа дейін сақталады, - деді Марат Кәрімжанұлы.

Бұдан басқа Ұлттық ғылым академиясының академигі Серікбек Дәукеев пен Қазақстанның мұнайшы-геологтар қауымдастығының президенті Балтабек Қуандықов та сала өкілдерін кәсіби мейрамдарымен құттықтап өтті. Дәстүрге сәйкес іс-шараның соңында еліміздің тұңғыш геологы Қ.Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсетілді.

78ace94d67cba9284dea98f87346f6f7_1280x720.jpeg

Барлық жаңалықтар