00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

29.01.2024 | 06:30
64
Фото: дереккөз

Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру Астана қаласының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басты міндеттерінің бірі болып саналады.

Бүгінгі таңда Астана қаласының Мансап орталығы халықты жұмысқа орналастыру шеңберінде 9 негізгі бағыт бойынша қызмет көрсетеді.

1. Алғашқы жұмыс орны – алғаш жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орнын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған жоба. Кепілдендірілген жалақы – 30 АЕК (110 760 теңге) құрайды.

2. Жастар тәжірибесі – колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін арналған. Кепілдендірілген жалақы – 30 АЕК (110 760 теңге) құрайды.

3. Ұрпақтар келісімшарты – зейнеткерлік жасқа толған жұмыс істеп жүрген қызметкерді кейіннен ауыстыра отырып, оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға арналған. Кепілді жалақы – 30 АЕК (110 760 теңге) құрайды.

4. Қоғамдық жұмыстар – жұмыссыздарға, жалпы білім беретін мектептердің студенттері мен жоғары сынып оқушыларының оқудан тыс бос уақытқа арналған. Кепілді жалақы – 35 АЕК (129 220 теңге) құрайды.

5. Әлеуметтік жұмыс орындары – жұмыссыздарға, соның ішінде азаматтардың әлеуметтік осал санатындағы адамдарға арналған. Жалақыны Мансап орталығы жартылай төлейді, бірақ 20 АЕК-тен аспайды (73 840 теңге).

6. Күміс жас – 50 жастан асқан жұмыссыздарға арналған. Жалақыны жұмыс беруші белгілейді, бір бөлігін Мансап орталығы төлейді, - деді О.Омар.

Бұдан бөлек маңызды бағыттардың бірі – кадрларды даярлау және жұмыссыздарды кәсіптік оқыту.

Кәсіби оқыту екі бағытта жүзеге асырылады:

- жұмыс берушілердің өтініші бойынша білім беру ұйымдарында;

- жұмыс берушілердің жұмыс орнында.

Кәсіби оқытудың артықшылығы 32 681 теңге көлемінде төленетін шәкіртақы.

Оқытудан кейінгі жалақы 20 АЕК (73 840 теңге).

Сондай-ақ, орталық халықтың әлеуметтік осал тобына жеке бизнес ашуға гранттар береді. Мұндай көмек бір рет көрсетіледі.

Жастарға қолдау көрсету тетіктерінің бірі – несие беру. Шағын несие 21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Бағдарламаға жұмыс істейтін жастардың өкілдері қатыса алады.

Астана қаласының «Еңбек мобильділігі орталығы» ҚММ директорының айтуынша, орталық өз құзіретінде жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға тек жәрдемдесу қызметін атқарады. Бүгінгі таңда Астанада 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар.

Барлық жаңалықтар