00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Біз біргеміз»: Елордада Бірлік күніне орай жүгіруден эстафета өтті

01.05.2023 | 12:46
58
Фото: автордан

Бірлік күніне орай Астана қаласында 70-ке жуық іс-шара өткізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

цц.jpg

Бүгін 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аясында «Триатлон» саябағында түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі түрде ағаш отырғызылып, саламатты өмір салты насихатталып жатыр.

агаш1.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында саяси модернизациялау және этнос аралық халықтың бірлігі жолында рөлін атап өткен еді. Міне бүгін сол шара жалғасын табуда. Бүгінгі күнге орай алғаш рет ұйымдастырылып жатқан жүгіру жарысы барлығымызға жақсы көңіл-күй сыйласын! - деп іс-шара барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен тұрғындарды 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.

Жарысқа 300-ден астам әуесқой спортшы жиналып, 500 метр, 2,5 және 5 шақырымға жүгірді. Салтанатты іс-шараның соңында барлық қатысушы арнайы медальдармен марапатталды. 

оара.jpg

Айта кетейік, Бірлік күні мерекесі 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Президентінің Жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар