00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада RIZAMYZ Qutqarushi фотокөрмесі ашылды

30.09.2023 | 11:30
78
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

2023 жылғы 29 қыркүйекте Астана қаласындағы «Атырау» көпірінде фотокөрменің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

82d7772737de6337a2971a7b4d86e670_1280x720.jpg

Аталған іс-шара Төтенше жағдайлар министрлігінің қатардағы қызметкерлеріне: құтқарушылар, сүңгуірлер, кинологтар, өрт сөндірушілер, ұшқыштар, психологтар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер арналды.

Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, BI Group директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы Асхат Омаров, көрме батырлары, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, тұрғындар қатысты.

Сырым Шәріпханов өзінің құттықтау сөзінде өткізіліп жатқан фотокөрменің маңыздылығын атап өтіп, имидждік жобаның ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

«Бұл жоба ТЖМ қызметкерлері күнделікті орындайтын қиын жұмысын дәріптеу болып табылады. Біздің қызметкерлердің әрқайсы үшін оның батырлығына, ерлігіне және ерен еңбегіне берілген баға маңызды», - деді ол. 

Көрме «BI GROUP» Қазақстанның ірі инновациялық холдингінің қолдауымен «RIZAMYZ» әлеуметтік жобасы аясында жыл сайын атап өтілетін кәсіби мереке 19 қазан - Құтқарушылар күні қарсаңында ұйымдастырылуда.

«Құтқарушылар басқа адамдарды құтқару үшін бастарын қауіпке тігеді, сондықтан олар ерекше алғыс пен құрметке лайықты. Күн сайын біз олардың отпен, зілзаламен, сумен арпалысып, ерлік жасағандары туралы естиміз, бірақ олардың есімдері мен жүздері әрқашан экраннан тыс қалады. Сондықтан біздің RIZAMYZ әлеуметтік жобасын аясындағы кезекті көрмемізді, осы игі мамандыққа, олардың кәсіби мерекесі – Құтқарушылар күніне орай ұйымдастыруды жөн көрдік», - деп BI Group холдингінің басқарма төрағасы Асхат Омаров атап өтті.

Жалпы көрмеге келушілерге QR коды бар 112 портрет ұсынылатын болады. Олар дүлей зілзалалар, апаттар және басқа төтенше жағдайлар кезінде адамдарға тәулік бойы көмекке келеді. QR кодты сканерлеу арқылы фотодағы құтқарушылар туралы, олардың жасаған ерліктері жайлы мәліметпен танысуға болады. Бұл портреттер - күн сайын өздерінің күрделі, бірақ осындай маңызды қызметін атқаратын азаматтық қорғау органдарының барлық 29 мың қызметкерінің ұжымдық бейнесі.

Көрменің ортасында фотосуреттер арасында QR коды бар қара тақтайша орналастырылған. Осы QR код арқылы rizamyz.com сайтына өтіп, өз өмірін азаматтық қорғау органдарында арнап, өз міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан 11 құтқарушының өмір тарихымен танысуға болады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдары 413 мыңнан астам адам құтқарылды, 380 мыңнан астам ТЖ аймағынан эвакуацияланды, 70 мыңнан астам зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға 1,6 астам шығу жасалды.

Салтанатты ашылу барысында LED-экранда құтқарушылардың күнделікті қызметі туралы имидждік бейнеролик көрсетілді.

Түсірілім кезінде ерекше және көркем тәсілдер қолданылды, фотосуреттер шынайы болып шықты.

Көрме 20 қазанға дейін жалғасатын болады.

Барлық жаңалықтар