00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Байқоңыр ауданында Смағұл Сәдуақасов зиратының басында құран бағышталды

31.05.2023 | 17:30
66
Фото: дереккөз

Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл дата Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Осы орайда бүгінгі атаулы күнде Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандағы Смағұл Сәдуақасов зиратының басында қуғын-сүргін жылдарындағы қаза болғандардың рухына арнап құран бағышталды, деп хабарлады Elorda.info.

кур1.jpg
Іс-шараға алаштанушы, тарихшы, профессор Дихан Қамзабекұлы бастаған елордалық зиялы қауым өкілдері, Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев, ауданның Ардагерлер қауымдастығы мен ерікті тұрғындар, жастар қатысты.

кур2.jpg

Зират басына жиналған көпшілік, зиялы қауым өкілдері сол қасіретті жылдарда болған оқиғаларды еске алып, «халқым» деп, жанын сөккен қаhармандардың ерліктерін сөз етті. 

кур3.jpg

Қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды.

Біздің халық қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес. Бұл - тарихтан тағылым, өткенге - тағзым.

Барлық жаңалықтар