00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанның аймақтағы академиялық хабқа айналуына мүмкіндік туып отыр – Саясат Нұрбек

19.05.2023 | 09:30
44

Астанада өтіп жатқан Human Capital Days-2023 халықаралық форумында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім беру саласына ықпал ететін негізгі процестерге тоқталды, деп хабарлады Elorda.info

Білім беру саласына ықпал ететін ең үлкен фактор – демография. Мемлекеттің бүкіл әлеуеттік саясаты халық санына байланысты. Еліміздің өңірлерінде бұрын болып көрмеген демографиялық жарылыстар болып жатыр. Соңғы үш  жыл ішінде осы ғасырдағы рекордар жаңарып, бір жарым миллионға жуық сәби дүниеге келді, - деді С.Нұрбек. 

Білім саласына ықпал ететін тағы бір маңызды фактор ретінде министр интерационализация процесін айтты. Оның пікірінше, қазір студенттердің ұтқырлығын арттыруға байланысты үлкен мүмкіндік туып отыр. Украина мен Ресейдегі жағдайға байланысты басқа да осыған үқсас оқиғаларға байланысты студенттер білім алудың балама жолдарын іздестіріп жатыр. Тарихта алғаш рет Қазақстанның аймақтағы академиялық хабқа айналуына мүмкіндік туып  отыр. 

Human Capital Days-2023 Kazakhstan форумына Әзербайжан, Қазақстан, Ресей, АҚШ және Өзбекстан елдерінен 270-тен астам басқарушы директорлар, HR-мамандар, жеке компаниялар мен квазимемлекеттік компаниялардың өкілдері қатысып жатқанын айта кетейік.

Форум аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының, «Теңізшевройл» ЖШС, «Эйр Астана» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «ҚТЖ» АҚ, «Ембімұнайгаз», АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ  Әлеуметтік қолдау және коммуникация орталығының HR-мамандары шеберлік сабақтарын өткізіп, өздерінің жобаларын таныстырды.

Барлық жаңалықтар