00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астананың бас жоспары тұрғындармен бірге талқыланады

21.08.2023 | 14:27
70
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы «Астанабасжоспар» ҒЗИ-мен бірлесіп елордалықтарды қаланың Бас жоспары жобасын 2035 жылға дейін қоғамдық талқылауға шақырады, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

аааааа.jpeg

Бас жоспардың жобалық шешімдерінің көрме материалдарымен 2023 жылғы 21-22 тамыз аралығында Астана қаласы Ә. Мәмбетов к-сі, 22 (Сарыарқа ауданы) мекенжайы бойынша танысуға болады. Бұл ретте бас жоспар жобасының тұсаукесері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліспен) өткізілетін болады, - делінген Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында. 

Қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен халықты кеңінен қамту үшін елорда аудандары бойынша қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылатын болады.

2023 жылғы 23 тамыз:

Сағат 11-00 - Байқоңыр ауданы, М. Ғабдуллин көшесі, 7, №10 мектеп гимназиясы мекенжайы бойынша;

Сағат 15-00- Алматы ауданы, Аманжол Бөлекпаев көшесі, 20, № 86 мектеп-гимназиясы.

2023 жылғы 24 тамыз:

Сағат 10-00 - Нұра ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 33, 3-қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залы;

Сағат 15-00 - Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 33, 3-қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залы.

25 тамызда Астана қаласы, Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша «Жастар» сарайында қорытынды қоғамдық талқылаулар өтеді.

Басталуы сағат 10.00-де.

Жобаға ұсыныстар мен ескертулерді мына электронды поштаға жіберуге болады: smgp@astanagenplan.org.kz.

Барлық жаңалықтар