00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астаналықтар амфитеатрда Жеңіс күніне арналған концертті тамашалады (ФОТО)

09.05.2023 | 18:51
51
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Есіл өзенінің жағалауында орналасқан Амфитеатрда Жеңіс күніне арналған «Отанға қызмет – ұлы құрмет» атты концерт өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Концертте «Сарыарқа» халық музыка ансамблі, «НАЗ» мемлекеттік би театры, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының үрмелі аспаптар оркестрі, «Терра» би театры мен өзге де республикалық және халықаралық вокал конкурстарының жеңімпаздары өнер көрсетті.

aa4ac627-430b-4cb5-9dd0-c69e9c663083.jpg

f7d5ef64-5663-414a-a557-f4ea62805d07.jpg

61430a6c-d72e-4556-ac39-d3e5ce36ec9b.jpg

Астана қалалық Мәдениет басқармасы және оған қарасты басқа да кәсіпорындармен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне арналған концерт өткіздік. Бірінші кезекте ол, әрине соғыс мен тыл ардагерлеріне арналды. Концертке Астана қаласының тұрғындары мен барша қонақтары келді. Мұнда өзіміздің отандық композиторлардың әндері мен соғыс жылдарындағы туындылар шырқалды. Сонымен қатар, М. Горький атындағы орыс драма театрының ұжымы көрермендер назарына театрлық қойылым ұсынды, - деді Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұран Камзин.

06575912-b9d6-46d0-8b83-3f78b8a8251d.jpg

aa4ac627-430b-4cb5-9dd0-c69e9c663083.jpg

Мерекелік концертті тамашалауға келген тұрғындар мен қала қонақтарының қатары қалың болды.

95b753f9-941d-42bd-bb94-aaf543d08a10.jpg

Бұл жеңіс оңай келген жоқ. Оны өсіп келе жатқан балаларымыз білуі керек. Ұмытуға болмайды! Сондықтан бүгін осындай концертке немерелерімді әкеліп отырмын. Жеңіс мерекесі құтты болсын! - деді концертті тамашалауға келген елордалық тұрғын Гүлзада Есенова.

681537fd-7f4b-425b-af1f-fcd19bfd4903.jpg

Барлық жаңалықтар