00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астаналық бірінші сынып оқушылары қосымша демалыста қайда бара алады?

31.01.2024 | 06:40
64
Фото: дереккөзден

Алдағы аптада елордада өтетін балаларға арналған іс-шаралардың тізімін ұсынамыз: 

4 ақпан 

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында сағат 11:00-де Т. Уфимцеваның «Щелкунчик» ертегісіне негізделген қойылым қойылады. Дәл осы күні Қуыршақ театры да репертуарындағы «Маугли», «Ана құдыреті  (Маугли)»  қойылымдарын тамашалауға шақырады. 

7 ақпан 

«Жастар» театры Нұрфат Вахитов режиссерлік ететін «Ірімшік құмар тышқандар» ертегісін ұсынады. 

10 ақпан

ҚР Ұлттық музейінің №5 залында «National Geographic» журналының «Жануарлар әлемінің ғажайып суреттері» атты көрме ұйымдастырылады. Ал М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында сағат 19:00-де «Коза-Дереза» ертегісі сахналанады.

                                                                                                                    Дариға ҚҰРМАНАЛЫ 

Барлық жаңалықтар