00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанадан өткен түнде 15 мың текше метрден астам қар шығарылды

16.02.2024 | 09:19
67
Фото: дереккөз

Өткен түнде, яғни 15 ақпаннан 16-сына қараған түні елордадан 15 мың текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін полигондарға мыңнан астам рейс жасалды.

16 ақпан күні таңертең қала бойынша қар тазалауға екі мыңнан астам жұмысшы мен 1,4 мыңнан астам арнайы техника шықты.

Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына 342 мыңға жуық рейс арқылы 4,6 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Барлық жаңалықтар