00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанадан бір түнде 44 мың текше метр қар шығарылды

14.02.2024 | 05:26
43
Фото: Оңалхан Өнерхан

14 ақпан күні таңертең қала бойынша қар тазалау жұмыстарына 2,4 мыңнан астам жұмысшы және 1,6 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

13 ақпаннан 14 ақпанға қараған түні көшелерден 44 мың текше метр, яғни 3 мыңға жуық ауыр жүк көлігіне тең қар шығарылды.

Айта кетсек, қыс басынан бері қала сыртындағы қар полигондарына 331 мың рейс, 4,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 14 ақпанда қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-батыс жел екпіні 9-14, 15-20, түнде 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде -8-10 аяз болса, күндіз 0-2 градусқа төмендейді.

15 ақпанда анда-санда қар жауып, боран болады. Солтүстік-шығыстан жел екпіні – 9-14, 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -17-19-ды көрсетіп, одан әрі де төмендеуі ықтимал.

16 ақпанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-батыстан жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -33-35, күндіз -27-29 аяз.

Барлық жаңалықтар