00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада жемқорлықтың алдын алуға арналған кеңес өтті

14.04.2023 | 13:00
53

Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жауапты тұлғалармен кеңес өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Әкімдіктің жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде, Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандары әкімі аппараттарында, сондай-ақ елорданың квазимемлекеттік секторының субъектілерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы есеп берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселесі өзекті болды. № 4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде мемлекеттік сектор арасында да, жалпы халық арасында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті одан әрі қалыптастыруға бағытталған нақты шараларды әзірлей отырып, 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыстың нәтижелері талқыланды.

34b7586d-52ff-4a22-8c1e-1bd8ae66a990.jpg

Біздің Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты бүгінгі күні азаматтық қоғаммен және парасатты бизнеспен әріптестік қатынастарға негізделген алдын алу жұмыстарына көп көңіл бөледі. Сіздің негізгі міндеттеріңіздің бірі ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету болып табылады, - деп түйіндеді Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Руслан Атығаев.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қабылданған қағидаларының және квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Үлгілік ереженің негізгі ережелері жеткізілді.

Барлық жаңалықтар