00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанадағы жаңа көпір жыл аяғында пайдалануға беріледі

07.08.2023 | 15:00
41
Фото: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Астанадағы тұрғын үй-коммуналдық және жол инфрақұрылымының бірқатар нысанын аралады, деп хабарлады Elorda.info.

копир 1.jpeg

Ведомство басшысы елордадағы алдағы жылу беру маусымына дайындықты тексерді.

Министр бас шаһардың сол жағалауында салынып жатқан жылу қазандығының құрылыс жұмыстарымын танысты.  Жеткілікті көлемдегі қуат қорына ие жаңа нысан қаланың жылумен жабдықтау жүйесінің ортақ желісіне қосылатын болады. Бұл жоба қолданыстағы ЖЭО-ның жүктемесін азайтып, оның жұмысын жеңілдетеді деп күтіліп отыр,-делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте

копир.jpeg

Марат Қарабаев Тәуелсіздік көшесіндегі көпір құрылысы жұмысын да пысықтады. Мұнда жыл соңына дейін барлық негізгі жұмыс аяқталып, жол қозғалысының ашылатындығы туралы айтылды. Жалпы, көпірді толық абаттандыру жұмыстары 2024 жылы аяқталады.

Құрылыс нысандарын аралау кезінде министр мердігерлерге ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында неғұрлым отандық өндірушілердің өнімдерін пайдалануды тапсырды.

Барлық жаңалықтар