00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанадағы сорғы-сүзгі стансасының құрылысы қанша пайызға аяқталған

21.04.2023 | 15:14
53

Астаналық мәслихат депутаттары сорғы-сүзгі стансасының (ССС-3) құрылыс барысымен танысты, деп хабарлады Elorda.info

Қалалық мәслихат депутаттарымен бірге Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай да стансаны аралады. Нысанды аралау барысында депутаттар өз ұсыныстарын айтып, құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. Бүгінгі таңда сорғы-сүзгі стансасының құрылысы 85%-ға аяқталған. 

a98e6e84-9fda-4a67-a243-4b6550cd1934.jpg

Елордада халық саны өскенімен, қалада бар болғаны екі су сорғы стансасы жұмыс істейді. 
Астанада ауыз су тапшы. Қазір қолда бар құрылғылардың мүмкіндіктері елордалықтарды тіршілік нәрімен толық қамтамасыз етуге жетпейді. Сол себепті де «Астана су арнасы» су қысымын азайтып, амалдап отыр. Мамандар мәселе үшінші сорғы сүзгі стансасы қолданысқа берілгенде шешіледі деп сендіріп отыр. 2021 жылдан бері салынып жатқан нысан биыл жазда іске қосылуы тиіс. ССС-3 Алматы ауданында Интернационал тұрғын үй алабы маңында салынып жатыр. 

49751b97-5faa-4779-9020-a4b9f48d70c9.jpg

Елордадағы екі сорғы-сүзгі стансасының қуаттылығы – тәулігіне 305 мың текше метр. Тапшылықты жою үшін тағы 30 мың текше метр су керек. Бұл станса тапшылықты жояды.

Салынып жатқан үшінші сорғы-сүзгі стансасының құрылысы тамызда толығымен аяқталады деп сендірді мәслихат депутаттарын стансаны салып жатқан мердігер компания өкілдері.  

Бірінші кезең мамырдың аяғында немесе маусымның басында аяқталады. 

Жаңа сорғы-сүзгі стансасы күніне қосымша 100 мың текше метр су беретін болады.

Үшінші ССС су көзін Вячеслав су қоймасынан алатын болады. Аталған су қоймасының мүмкіндігі таусылып жатыр. Сондықтан су құбыры Сәтбаев каналына дейін жүргізілуі мүмкін.

Мәслихат депутаттары стансаның құрылыс барысын бақылауда ұстап, мұнда жиі келіп тұратын болып келісті. 

Еске сала кетейік, бұған дейін «Астана су арнасы» МКК қалада су шектеп берілетінін хабарлаған болатын.

Аяулым АЛТЫНБЕК

Барлық жаңалықтар