00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанадағы көрме: Ауған қолөнершілері не әкелді?

04.08.2023 | 04:00
67
Фото: Elorda.info

Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы аясында елордада Ауғанстаннан тауарлар көрмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Ауған тауарларының көрмесі елорданың Конгресс орталығында 3-5 тамыз аралығында өтеді. Мұнда кептірілген жемістер, шай, кілемдер, зергерлік бұйымдар, мыс ыдыстар мен дәмдеуіштер сатып алуға болады. 

Дәстүрлі кілемшелер елорда тұрғындарының қызығушылығын тудырды. 

Ауған кілемдері экспортқа шығарылады және бүкіл әлемде сапалы тауар ретінде бағаланады. Кілемдер табиғи бояуларды пайдаланып жүннен қолмен тоқылған. Мұндай дүние барлық сатып алушыларды таң қалдырады, - дейді көрмеге келуші Алина Жаханова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ауғанстан қазақстандық ұнды, тамақ өнімдерін, металл прокатын импорттайды. Екі ел арасындағы өзара тауар айналымы шамамен 1 млрд долларды құрады.

афган спикер.jpg

Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға мүдделі. Ауған тарапы аталмыш көрме сауда серіктестігінің жаңа деңгейіне шығу үшін бастапқы алаңға айналады деген үлкен үміт білдіреді. Бүгінгі іс-шара ауқымы мен қатысушылар саны бойынша бұрын-соңды болмаған. Менің ойымша, проблемалық аспектілер талқыланды, - дейді Ауғанстандағы «Қазақстан» сауда үйінің басшысы Арман Есентаев.

афган 4.jpg

Көрмеге 200-ден астам кәсіпкер, Ауғанстанның түрлі өндіруші компанияларының өкілдері қатысып жатыр.

Елдер арасындағы өзара тауар айналымы 1 млрд долларға жетті, жақын арада оның көлемін 3 млрд долларға дейін ұлғайту жоспарлануда. Ауған тарапы Қазақстанмен белсенді сауда жасауға, экспортты ұлғайтуға, біздің транзиттік әлеуетімізді пайдалануға және өз кезегінде Ауғанстан арқылы қазақстандық өнімнің транзитіне жәрдемдесуге дайын, - деп атап өтті Арман Есентаев.

WhatsApp Image 2023-08-04 at 09.04.28.jpeg

Ауғанстанның Герат провинциясында «Қазақстан» сауда үйі кездейсоқ ашылған жоқ.  Себебі, бұл аймақ шекаралас, жақын жерде Иран мен Түрікменстан орналасқан. Бұл елдер арасындағы экспорттық-импорттық жеткізілімдерді әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Герат қаласында қазақстандық өнімдердің көрме залы ашылады. Арман Есентаевтың айтуынша, сауда үйінде ынтымақтастыққа мүдделі кәсіпкерлер үшін тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңы құрылады.

Бота ҚАЛИЕВА

Барлық жаңалықтар