00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада XI Азаматтық форум өтіп жатыр

13.10.2023 | 10:30
68

Бүгін Астанада "Құқықтық мемлекет құру үшін билік пен қоғамның серіктестігі" тақырыбында XI Азаматтық форум өз жұмысын бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға елорда мен өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдар, қоғам қайраткерлері, еріктілер қауымдастығының мүшелері және елорда әкімдігінің өкілдері қатысты.

"Бүгінгі таңда қалада 15-тен астам көпфункционалды орталық жұмыс істейді, олардың мақсаты азаматтық бастамаларды қолдау және дағдарысты жағдайларды шешу болып табылады.

Елордалық үкіметтік емес ұйымдардың күнделікті үздіксіз жұмысының арқасында іске асырылған жобалардың саны мен сапасы жыл сайын артып келеді.

Азаматтық қоғам өкілдерімен өзара іс-қимылды дамытудағы маңызды қадамдардың бірі "Астанада азаматтық бастамалар орталығын" құру болды. Оның аясында елордалық азаматтық қоғамның әлеуетін институционалдық дамыту және нығайту бойынша консалтингтік сүйемелдеу жұмысы ұйымдастырылды", - деді Астана әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев.

Оның айтуынша, биыл елордада үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп 55 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

форум бир.jpg

Жалпы, қалада білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік қолдауды қоса алғанда, әртүрлі қызмет салаларын қамтитын 3000-нан астам ҮЕҰ жұмыс істейді.

"Биыл барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда алғаш рет өңірлік форумдар өтті. Бұл - қолданбалы идеялар мен бастамалар пайда болатын ең тиімді алаңдардың бірі, онда жергілікті атқарушы органдардың өкілдері азаматтық қоғам белсенділерімен қатар жергілікті қоғамдастықтың ең өзекті мәселелерін талқылайды, оларды шешу жолдарын әзірлейді, сондай - ақ үшінші сектор мен билік өкілдері арасындағы әріптестіктің негізін қалайды", - дейді Астана қаласы азаматтық бастамаларды қолдау орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Арман Ашкин.

"Камеда" ҚҚ атқарушы директоры Махаббат Еспенова үкіметтік емес ұйымдардың жұмысында барлығы үшін бірыңғай ережелер әзірлеу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың тұрақты жолға қойылған жүйесін қалыптастыру маңызды екенін айтты.

форум еки.jpg

"Көп нәрсе өзімізге байланысты, оның ішінде мемлекет және бизнеспен әлеуметтік әріптестікті қалай құратынымыз маңызды. Біріншіден, біз жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істеу тәсілін өзгертіп, өзара іс-қимылдың формальды сипатын жоққа шығарып, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасын барынша тиімді іске асыруға көмектесуіміз керек. Ол үшін біз заңнамаға түзетулер енгізуіміз керек. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымдардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін бағалау әдістемесін енгізуді ұсынамын", - деді Махаббат Еспенова.

форум уш.jpg

Форумға қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстарын пысықтау үшін 3 тақырыптық алаң ұйымдастырылды. Онда қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың өкілдері өз қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

Барлық жаңалықтар