00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада тұрғын үйлердегі өрт 25 пайызға азайған

15.06.2023 | 16:00
34
Фото: ТЖД

Өткен 5 айда елорда аумағында 293 өрт тіркелген. Бұл туралы Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Қала аумағында орын алған өрттің 58 пайызына электр желілеріндегі ақау себеп болған. Жылыту пештерін пайдалану кезіндегі қателік пен адамдардың отты абайсыз пайдалануы да өртке алып келген.

Жыл басынан бері Астанада 293 өрт тіркелді, одан бөлек 172 табиғи жану орын алды. Табиғи жануға темекі тұтығының тұтануы, әйнек немесе шынының қызуы себеп болады.  Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрт 1 пайызға ғана төмендеді. Адам шығыны 2,5 пайызға, тұрғын үйлердегі өрт 25 пайызға, ал шаруашылық нысандарда 6 пайызға азайды. Ал автокөліктердің жануы керісінше, 60 пайызға артты, - дейді ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы.

Басқарма басшысының сөзінше, қазір қала аумағында өрт қауіпсіздігі жоғарғы деңгейде сақталып отыр. Сол себепті құтқарушылар тұрғындарға отты пайдалану кезінде абай болуға шақырады. Ал көлік иелері міндетті түрде көліктің жанар-жағармай беру жүйесін және электр жүйесін тексеруін сұрайды. 

Зарина Сәрсенбайқызы

Барлық жаңалықтар