00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада прокурор жоғалған жасөспірімді тапты (ВИДЕО)

28.04.2023 | 13:30
52
Фото: дереккөз

Астанада прокуратура қызметкері жоғалып кеткен баланы тапты. Ол көмек сұрағандардың өтінішіне бейжай қарай алмаған, деп хабарлады Elorda.info Бас прокуратураның ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Бас прокуратураның хабарлауынша, сәуір айының басында Астана қаласында кәмелетке толмаған бала жоғалып кеткен. Ол үйінен кітап дүкеніне қарай шығып, қайтып оралмаған. 

Құқық қорғау органдары академиясының магистранты Жан Мұрат «LIDER.KZ» волонтерлерінің баланы 2 тәуліктен артық іздеу туралы хабарламасына бейжай қарай алмай, жолдасымен бірге көмекке шыққан. Ол елорданың Алматы және Байқоңыр аудандарының қоғамдық пайдалану орындарын (қоғамдық тамақтандыру, компьютерлік клубтар, мешіттер және т.б.), қараусыз қалған ғимараттарды, қоқыс жәшіктерін, арықтарды екі сағат бойы аралайды. Баланы таппаған соң, Мұрат қаланың сол жағалауына барып, іздеу жұмысын жалғастырады. Достық көшесімен түнгі сағат 04:40 шамасында жүріп келе жатып, ол сипаттамаға сәйкес келетін баланы байқайды. Барлық жағдайды нақтылағаннан кейін оның жоғалған бала екені белгілі болған. Әрі қарай ол баланы полиция қызметкерлеріне тапсырады. 

Мен ата-ана ретінде хабарламаны елеусіз, бейжай қалдыра алмадым, яғни басқаша әрекет ете алмас едім, – дейді Жан Мұрат. 

Барлық жаңалықтар