00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада «Отандастар» форумы өтеді

09.10.2023 | 13:49
63
Фото: ашық дереккөз

11 қазан күні Астанада өтетін «Отандастар» форумына 40-тан астам елден 200-ге жуық отандасымыз келмек, деп хабарлады Еlorda.info «Отандастар» қоры баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар – шетелдегі қазақ ұйымдарының басшылары, белсенділері, жанашырлары және шетелдегі ғылым, білім, мәдениет, бизнес, медиа, саясат сынды басқа да салалардың көрнекті өкілдері мен белгілі қайраткерлері. 

Осы ретте 10 қазан сейсенбі күні форумның бас серіктесі «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры және Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырып жатқан  мәдени бағдарлама аясында қонақтарымыз ұлттық құндылықтарымызбен етене жақын танысады. Атап айтқанда, Ұлттық спорт қауымдастығы мен Салалық спорт федерацияларының мамандары құсбегілік, қолөнер шеберлігі, ұлттық ойындарымыздан (тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату, қыз қуу, аударыспақ, көкпар) қойылым көрсетеді.

Барлық жаңалықтар