00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

08.11.2023 | 13:00
53
Фото: Сұлтан Сейіт

Астанада «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарындағы бос жұмыс орындары ұсынылады.

Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне «Отбасы банк» АҚ, «Центр ипотеки Астана» ЖШС, «QazaqZher» ЖШС, «Астана Тазалық» ЖШС, «Банк ЦентрКредит» АҚ Астана қаласындағы филиалы және басқа да көптеген жұмыс беруші компаниялар қатысады.

Сондай-ақ, іс-шара аясында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалар кәсіптік оқыту және «Еnbek.kz» порталымен жұмыс істеу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

Айта кетейік, жәрмеңке 9 қарашада сағат 14.30-17.00 аралығында өтеді.

Барлық жаңалықтар