00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада Чернобыль ардагеріне арналған жарыс өтті

28.04.2023 | 16:30
68
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада №8 мектеп-лицейде Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысқан Қайрат Туғанбаевты еске түсіруге арналған кешенді спорт жарысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Мектеп оқушылары асық ату, шахмат және үстел теннисі жарыстары бойынша бәсекеге түсті. 

ea2ebf7b-d18b-477b-8bae-662921bb4d69.jpg

Жарыстың ашылуында Қайрат Туғанбаевтың өмірі туралы тағдырлас достары мен отбасы мүшелері естеліктер айтты. 

Әлемдегі ең ірі техногендік апат ретінде тіркелген Чернобыль апатының орын алғанына биыл 37 жыл болды. Бұл қасіретті апаттың зардабын жоюға Қазақстаннан 30 мыңға жуық адам қатысты. Өкінішке қарай, сол ауыр радиацияның салдарынан қаншама отандастарымыз өмірден ерте өтіп жатыр. Солардың бірі болған Қайрат Туғанбаевты бүгін достары еске түсіріп, жасөспірімдер арасында спорт жарыстарын ұйымдастырып отыр. Бұл ерлікке тағзымның белгісі. Біз осындай іс-шаралар өткізу арқылы қоғамды техногендік апаттардың алдын алуға шақырып және Отан алдындағы міндетін адал атқарған Чернобыль батырларының ерліктерін жас ұрпаққа насихаттағымыз келеді, - дейді жарысты ұйымдастырушы, Астана қаласының «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері бірлестігі» қоғамдық ұйымының төрағасы Әдепхан Ахметов.

f1e37191-8bb5-4a2c-815b-889ce4cbb92b.jpg

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар, медальдар және кубоктармен марапатталды.

                                                                                         Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Барлық жаңалықтар