00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада бір түнде 50 мың текше метр қар шығарылды

20.12.2023 | 05:07
43
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 19 желтоқсаннан 20-сына қараған түні 50 мың текше метр қар тазаланды. Қар қалың жауған кезде елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлады Elorda.info.

19 желтоқсаннан 20-сына қараған түні қаладан шамамен 50 мың текше метр қар немесе 3 600-ден астам жүк көлігі шығарылды.

Бүгінгі таңда Астанада қар күреуге 2 400-ден астам жол қызметкері мен 1 600-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Бірінші кезекте қоғамдық көліктің қиындықсыз жүруі үшін негізгі магистральдар тазартылады. Ары қарай, қозғалысы орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар тазартылады, - делінген қала әкімдігінің ресми сайтында.

Барлық жаңалықтар