00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада автобус парктерінің 7 басшысы жауапкершілікке тартылды

25.01.2024 | 03:00
40
Фото: дереккөзден

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында 667 автобустың жылыту жүйесінің техникалық жағдайына, электр жабдығына және басқа да талаптарға сәйкестігі тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша автобус парктерінің 7 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде жолаушылар тасымалдаушыларымен жіберілген 127 әкімшілік бұзушылық анықталды. Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 2 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылса тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаудың 8 фактісі тіркелді. Сондай ақ қоғамдық көлікті басқару кезінде 33 жүргізуші телефонды пайдаланған және 32 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзған», - деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі. 

Барлық жаңалықтар