00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада ауыл шаруашылығына қатысты халықаралық көрме өтіп жатыр

Фото: «EXPOGroup»

Бүгін «EXPO» халықаралық көрме орталығында «KazAgro»/«KazFarm» - 2023 ауылшаруашылық көрмелері ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Орта Азиядағы ең ірі көрме «EXPOGroup» компаниясының ұйымдастыруымен 14 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Іс-шара аясында жетекші әлемдік агроконцерндердің ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары, инновациялық технологиялары мен секторды дамыту бағдарламалары ұсынылады. Биылғы халықаралық мамандандырылған көрмені 20 мыңнан астам  қатысушы тамашалап жатыр. 

мин 2.jpg

Аталған көрменің салтанатты ашылуына ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысып, сөз сөйледі.

Мұндай көрмелер қазақстандық фермерлер үшін сенімді өнім берушілер мен серіктестіктер табуға, жаңа агротехнологиялармен танысып, оларды өндіріске енгізуге мүмкіндік береді. Қазақстан арграрлық держава ретінде өзімізді ғана емес, Орта Азия өңірін де азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр.  Осыған байланысты мұндай көрмелер инвесторлар үшін жақсы алаң болып табылады, - деді министр.  

крмммм.jpg

Сонымен қатар ведомство басшысы бүгінгі көрменің аясында өтетін маңызы зор іс-шараларға тоқталып өтті.

Көрмеге қазақстандық фермерлер, көтерме және бөлшек сауда өкілдері, импорттаушылар мен экспорттаушылар, жақын және алыс шетелдің ауыл шаруашылығы мен басқа да уәкілетті мемлекеттік орындар өкілдері қатысты. 

Қала тарапынан біз осындай шараларды қолдауға әзірміз. Бұл туризмнің де, инвестицияның да дамуына өз үлесін қосады. Бүгінгі іс-шара агросектордағы жаңа жобаларды, тың технологияларды игеруге көмектеседі деген сенімдеміз, - дейді шараға қатысқан Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев. 

корм.jpg

Шараның ашылу рәсімінде отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен алмасты. 

Бұдан соң министр және көрме қатысушылары көрмені аралап көріп, озық технология үлгілерімен танысты. 

Аталған көрме үш күнге жалғасады. Осы уақыт аралығында жетекші сала мамандарының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен инновациялық орталықтар басшыларының қатысуымен презентациялар, бизнес-миссиялар және бірқатар семинарлар өткізілмек. Іскерлік іс-шарада қазақстандық және шетелдік компаниялар өзара меморандумға қол қояды деп жоспарланған.

Барлық жаңалықтар