00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада қар тазалауға 1400-ден астам арнайы техника шықты

27.01.2024 | 07:00
67
фото: дереккөзден

Соңғы күндері жауған қардың салдарынан  елордалық коммуналдық қызмет тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлады Elorda.info, Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қала әкімлігінің мәліметінше қар тазалау жұмыстарына 2 335  жұмысшы жұмылдырылған.

27 қаңтар күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 335 жол жұмысшысы мен 1 442 арнайы техника шықты.

Өткен түнде қаладан 27 240 текше метр қар шығарылды, бұл 2 206 ауыр жүк көлеміне тең. Қыс мезгілінде елордадан үш миллион текше метрге жуық қар жиналып, шығарылды, яғни полигондарға жүк көлігімен 218 465 рейс жасалды,- деп жазды дереккөз.

«Қазгидромет»  РМК синоптиктерінің мәліметінше, 27 қаңтарда елордада күн бұлтты болып,  қар жауып, боран болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 9-14, түнде 15-20 м / с. болса, ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -13-15 градусқа дейін төмендейді.

Барлық жаңалықтар