00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада қар тазалауға 1,5 мыңға жуық арнайы техника шықты

01.02.2024 | 05:51
48
Фото: дереккөз

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. 1 ақпан күні қар тазалау жұмыстарына 1,5 мыңға жуық арнайы техника мен 2,5 мыңға жуық жол жұмысшылары жұмылдырылды.

Өткен түнде қаладан 34 мың текше метр қар (2 614 жүк көлігі) шығарылды, - делінген Астана қаласы әкімдігінің ақпаратында.

Қыс басталғаннан бері қар полигондарына 3,3 млн текше метр қар тасымалданды, бұл 248,4 мың ауыр жүк көлеміне тең.

Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, 1 ақпан Астанада күн бұлтты болып, кейде қар жауады. Оңтүстік бағыттан соғатын жел екпіні түнде 3-8, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -6-8 градус аяз.

2-3 ақпан күндері қалада боран болып, кейде қар жауады деген болжам бар.

Барлық жаңалықтар